17 маусым 2025
Астанада «Орталық Азия — Қытай» II саммиті аясында өтіп жатқан «Орталық Азия — Қытай энергетикасы» өңірлік энергетикалық форумының шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, China Energy Overseas Investment Co., Ltd. компаниясы мен Цзяотун Шанхай университеті арасында сутегі технологиялары саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісім электролиз әдісімен сутегін алу технологияларын, оны қатты күйінде сақтау технологияларын әзірлеуді, сондай-ақ сутегі энергетикасы саласында жоғары білікті мамандар даярлауды қамти отыра бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды көздейді.
Құжатқа қол қою осы ұйымдардың арасында бұрын жасалған Ынтымақтастық туралы меморандумның дәлелді жалғасы болды.
Өзара іс-қимыл шеңберінде тараптар бірлескен жобаларды іске асыру кезеңдерін анықтады, техникалық кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгіледі.
16 маусым 2025
16 маусым 2025
13 маусым 2025
09 маусым 2025