29 мамыр 2025
2025 жылдың мамыр айында Ұлттық ядролық орталық мамандары кәсіби біліктілікті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар халықаралық ғылыми-білім беру іс-шарасына қатысты.
Обнинск, Ресей. Іс-шараның алғашқысы радиобиология, радиациялық экология және радиациялық медицина мәселесіне арналған мектеп болды. Біздің мамандар өздерінің ғылыми әзірлемесін ұсынып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Душанбе, Тәжікстан. Одан кейінгісі – изотоптық гидрология бойынша оқу курсы, онда қатысушылар өзгермелі климат жағдайында су ресурстарын зерттеу үшін изотоптық әдістерді қолдануды зерделеді.
Минск, Беларусь. Минскіде өткен конференцияда мамандарымыз бұрынғы ССП аумағындағы экологиялық мониторинг және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша баяндама жасады.
Гурнес, Грекия. Грекиядағы халықаралық конференция соңғысы болды, онда мамандарымыз радиоэкологиялық қауіп-қатер, ядролық-отын циклі объектілеріндегі радионуклидтердің мөлшері, сондай-ақ Қазақстандағы уран кеніштерін игерудің экологиялық салдары туралы баяндама жасады.
Мұндай іс-шара тәжірибе алмасуға, халықаралық байланысты нығайтуға және отандық ғылымға озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.
30 мамыр 2025
27 мамыр 2025
26 мамыр 2025
23 мамыр 2025