23 мамыр 2025
Ұлттық ядролық орталықта қытайлық China Energy компаниясы мен Шанхайдың Цзяотун университетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Сапардың мақсаты – 2025 жылғы 20 наурызда Бейжіңде қол қойылған Сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру барысын талқылау.
Бұл құжат ҚР ҰЯО РМК, China Energy Overseas Investment Co., Ltd. және Шанхайдың Цзяотун университеті арасындағы уағдаластықты бекітіп, бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздейді.
Бірінші кезеңде тараптар сутегін өндіру технологиясы, сутегін қатты күйінде сақтау, мамандарды даярлау, сондай-ақ ҒЗЖ нәтижесін экономиканың нақты секторына масштабтаудың технологиялық шешімін іздестіру сияқты негізгі бағыттарға назар аударады. Басымдық берілетіндердің қатарында – сутегі энергетикасы саласында бірлескен ғылыми зертхана құру.
Сондай-ақ Қытай делегациясы Ұлттық ядролық орталықтың эксперименттік базасына барып, инфрақұрылыммен және зерттеу мүмкіндігімен танысты.
22 мамыр 2025
21 мамыр 2025
16 мамыр 2025
13 мамыр 2025