Ұлттық ядролық орталықтың техникалық базасын кеңейту


16 мамыр 2025

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Guideline Geo (Швеция) компаниясы шығарған кедергі әдісімен (ABEM Terrameter LS) жұмыс істеуге арналған заманауи геофизикалық электр барлау станциясына ие болды. Қазіргі уақытта бұл жоғары сапалы дерек алуды қамтамасыз ететін, жерасты сулары мен минералды ресурстарды анықтау, геологиялық картаға түсіру жұмыстарында, геотехникалық зерттеулерде қолдануға болатын ең жақсы электр барлау құралдарының бірі болып саналады.

Ұлттық ядролық орталық мамандары жабдықты пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету бойынша оқытудан өткізіліп, дала зерттеулерін жүргізу және деректерді камералық өңдеу әдістерін игерді.

Алынған білім мен тәжірибе бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында жерасты суларына радиациялық мониторинг жүргізу кезінде, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік және радиоэкология саласында ғылыми зерттеу жүргізу кезінде пайдаланылмақ.

Айта кетейік, бұл жабдық МАГАТЭ-мен техникалық ынтымақтастық ұлттық жобасын іске асыру аясында алынды.

радиоэкология МАГАТЭ радиационная безопасность геотехнические исследования