ССП тарихы экспозициялық залында ашық есік күні


25 сәуір 2024

 

Барлық келем деушілерді 2024 жылғы 17 мамырда өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығындағы ашық есік күніне шақырамыз.

Бағдарламада - Семей сынақ полигонының тарихы экспозициялық залына экскурсия.

Экскурсия кестесі:

сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін (қазақ тілінде);

• сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін (орыс тілінде);

• сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін (ағылшын тілінде).

Барлық келем деушілер 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде Т.А.Ә., келу уақытын көрсете отырып, өтінім беруі керек, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (кәсіпорын аумағына рұқсаттаманы ресімдеу үшін) қоса беру қажет.

Өтінімдер электрондық мекенжайға жіберілсін: syzdykova@nnc.kz

Анықтама телефоны: 8(72251)-3-34-13 (ішкі 272)

 

 

СИП экскурсия ИРБЭ РГП НЯЦ РК день открытых дверей экспозиционный зал истории Семипалатинского испытательного полигона