10 қараша 2023



Республикалық БАҚ баспасөз турына қатысушылар барған объектілердің бірі – EAGLE эксперименттік стенді. Стендте ядролық реакторлардағы ауыр авария кезінде актив аймақ отынының балқуымен болатын процестерді модельдеу және зерттеу бойынша эксперименттер жүргізіледі.
Дәл осы қондырғыда EAGLE жобасы аясында ҚР ҰЯО Жапонияның атом энергиясы агенттігімен (JAEA) бірлесіп, Жапонияның атом энергетикалық компаниясының (JAPC) қатысуымен натрий жылу тасығышы бар шапшаң нейтрондардағы реактордың актив аймағының балқытумен болатын ауыр авариялардың салдарын азайту мүмкіндігіне реактордан тыс эксперименттік зерттеулер жүргізеді.
30 шілде 2026
23 шілде 2026
22 шілде 2026
17 шілде 2026