06 қазан 2023
Биылғы қыркүйек айының соңында АҚШ Энергетика министрлігінің (Ұлттық ядролық қауіпсіздік әкімшілігі (NNSA), Тынық мұхит солтүстік-батыс ұлттық зертханасы (PNNL), Айдахо ұлттық зертханасы (INL) және Окридж ұлттық зертханасы (ORNL) өкілдері Қазақстан Республикасына келіп қайтты.
Сапар барысында Ұлттық ядролық орталық мамандарымен жұмыс кездесулері өткізілді. Оның шеңберінде ҚР ҰЯО РМК зерттеу реакторларын конверсиялау жұмыстары, сонымен қатар ИВГ.1М және ИГР реакторларының ЖБУ отынымен әрі қарай жұмыс істеу мәселесі талқыланды.
АҚШ мамандары ИГР ЗРК ЯМ қоймасы инфрақұрылымын ИГР реакторының бірінші аймағының ЖБУ отынын қайта қаптауға дайындау бойынша ҚР ҰЯО жүргізген жұмыстарға жоғары баға берді. ИГР реакторының ЖБУ отынының алғашқы блоктарын арнайы контейнерлерге қайта қаптау процесімен танысты. АҚШ Энергетика министрлігінің мамандары «Байкал-1» ЗРК-да ИВГ.1М реакторының пайдаланылған ядролық отыны бар сумен салқындатылатын технологиялық арналарды (ССТК) аралық қоймаға орналастыру үшін бөлшектеу жұмысын көріп қайтты.
Курчатов қаласына барған сапардан кейін АҚШ Энергетика министрлігінің, ҚР ҰЯО және ҚР Энергетика министрлігінің мамандары 29 қыркүйекте Астана қаласында кездесу өткізді. Нәтижесінде ҚР Энергетика министрлігінде ИГР реакторының бірінші актив аймағының сәулеленген отынын сұйылту және иммобилизациялау учаскесін және ИВГ.1М реакторының сәулеленген отынының шахта үлгісіндегі тік қоймасын (SILO) құру жұмыстарын жалғастыру ниетін білдіретін бірлескен хаттамаға қол қойылды.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024