15 желтоксан 2017
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Тәуелсіздік күні – еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басшылық еткен 26 жыл ішінде біз демократиялық, құқықтық және экономикасы дамыған мемлекет құрдық. Бүгінгі экономиканың барлық саласының тұрақты өсуі, халықаралық танылуы, саяси тұрақтылық мемлекетіміздің гүлденуінің негізі болды.
Тәуелсіздіктің атқан таңымен бірге құрылған ҚР Ұлттық ядролық орталығы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстанның саясатын табысты іске асыра отырып, еліміздің дамуына өзінің үлесін қосты. Алдымызда талай бастамалар мен жетістіктердің барына, бізді жаңа жеңістер мен табыстардың күтіп тұрғанына сенімдімін!
Сіздерді алда келе жатқан мерекемен құттықтаймын! Әрбір үйге, әр отбасына денсаулық, бақыт, молшылық, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін!
Эрлан Батырбеков,
ҚР Ұлттық ядролық
орталығының бас директоры
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024