29 тамыз 2023
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
30 тамыз – барлығымыз үшін айтулы күн. Еліміздің алтын діңгегіне айналған Ата заңның қабылдануы жаңа мемлекеттілікті құрудың бастамасы болып, азаматтарымыздың негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындады. Біздің ортақ міндетіміз – Конституцияда жарияланған құндылықтарды қорғау.
Сіздерге бейбіт өмір, мол бақыт, амандық, болашаққа деген сенімділік тілеймін. Қазақстан Республикасын өркендету жолында жаңа жетістіктерге жете берейік!
Бас директор Эрлан Батырбеков
25 маусым 2026
19 маусым 2026
16 маусым 2026
12 маусым 2026