Айдахо ұлттық зертханасына сапар


11 шілде 2023

 

2023 жылғы 10 шілдеде Айдахо-Фоллс қаласында (АҚШ) бас директор Э. Ғ. Батырбеков бастаған ҚР Ұлттық ядролық орталығы делегациясының АҚШ Энергетика министрлігі мен Айдахо ұлттық зертханасының өкілдерімен кездесуі өтті.

Жұмыс кездесуі шеңберінде ҚР ҰЯО зерттеу реакторларын конверсиялау жұмыстары жөніндегі мәселелер, ҚР ҰЯО-ның қолданыстағы объектісі аумағында шахта үлгісіндегі қойма құрудың техникалық мәселелері, сондай-ақ бірлескен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Қос тараптың ядролық материалдармен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі ИВГ.1М зерттеу реакторының жоғары байытылған отынымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасында жинақталған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің оңтайлы шешімін табуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жұмыс аптасы ішінде реактор қондырғыларына, жұмыс істеп тұрған шахта үлгісіндегі қоймаға және Аргонн ұлттық зертханасының зерттеу стендтеріне бару жоспарланған.

 

радиоактивные отходы (РАО) международное сотрудничество исследовательские реакторы США Эрлан Батырбеков РГП НЯЦ РК Республика Казахстан реактор ИВГ.1 Национальная лаборатория Айдахо Министерство энергетики США