07 ақпан 2023
Алматы қаласында ҚР Ұлттық ядролық орталығы мамандарының АҚШ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі мен ұлттық зертханалары өкілдерімен кездесуі өтті. Делегацияны ҚР ҰЯО бас директоры Э.Ғ. Батырбеков және Конверсиялау жөніндегі кеңсенің топ басшысы Бриан Вуд басқарды.
Аталған іс-шара зерттеу реакторларын төмен байытылған уран (бұдан әрі – ТБУ) отынына конверсиялау мәселелері бойынша ҚР ҰЯО және АҚШ ЭМ өкілдері кездесулерінің кезектісі болды. Бұл жолы кездесу ИГР зерттеу реакторын ТБУ-отынға конверсиялау бойынша одан әрі жұмыс жоспарын талқылау мақсатында басталды.
Өз сөздерінде тараптар ТБУ-отынды ИВГ.1М реакторын пайдалануға беру кезеңінің, атап айтқанда физикалық іске қосу кезеңінің ойдағыдай аяқталуына байланысты құттықтаулармен алмасты. Энергетикалық іске қосу сериясын іске асыру соңғы кезеңде тұр, одан кейін жаңа актив аймағы бар ИВГ.1М реакторы халықаралық жобалар шеңберінде эксперименттік бағдарламаны жалғастыруға дайын болады.
Кездесуге қатысушылар атап өткендей ИГР зерттеу реакторын ТБУ-отынға конверсиялау алғашқыда орындаушылардан оңтайлы шешу жолдарын іздеуді талап ететін ықтимал күрделі міндет ретінде қарастырылды. Кездесу барысында қатысушылар алдағы жұмыс кезеңдерін егжей-тегжейлі талқылап, конверсиялау міндеттерін іске асыру үшін алдағы қадамдарды белгіледі.
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024
26 қыркүйек 2024