Қазақстандық ядролық мониторинг жүйесі


23 Желтоксан 2021

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қолдау көрсету шеңберінде ҚР Ұлттық ядролық орталығында қазақстандық ядролық мониторинг жүйесі инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Оған 16 станция, Деректер орталығы, деректерді жинау және беру жүйесі кіреді, оның ішінде 5 станция ЯСЖТШ ұйымының халықаралық мониторинг жүйесіне кіреді.

Қазақстандық станциялардың деректері Венадағы (Австрия) халықаралық деректер орталығында оқиғаларды кешенді бағалау кезінде пайдаланылады. Қазақстандық халықаралық мониторинг жүйесі станцияларының жұмыс тиімділігі ЯСЖТШҰ-ның жоғары бағасына ие болды.

2021 жылы жақын маңдағы Похаран (Үндістан), Чагай (Пәкістан), Лобнор (Қытай) сияқты ядролық полигондардың ауданында 60-тан астам оқиға бақыланды. Ядролық сынақтар ретінде сипатталатын сейсмикалық оқиғалар тіркелген жоқ.

Станциялардан Деректер орталығына нақты уақыт режимінде келіп түскен деректерді өңдеу жұмыстары толық көлемде орындалып, жедел хабарламалардың автоматты, интерактивті бюллетеньдері жасалды.

Сейсмикалық деректерді өңдеу нәтижелерімен Деректер орталығының веб-сайтында танысуға болады (www.kndc.kz).

ДВЗЯИ РГП НЯЦ РК ИГИ мониторинг KNDC Казахстанский национальный центр данных Центр сбора и обработки специальной сейсмической информации, ЦСОССИ