«Жас физик - 2021» жазғы мектебі


11 Маусым 2021

                           

7 маусымда басталған жыл сайынғы «Жас физик – 2021» жазғы мектебі салтанатты түрде сертификаттарды табыстаумен және жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды. Биылғы жылы оған Курчатов қаласының және Павлодар облысының жақын маңдағы елді мекендерінің мектептерінен 50-ден астам оқушы қатысты. Аталған іс-шараны ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық технологиялар паркі ұйымдастырды.

       2021 жылғы жазғы мектеп бағдарламасында атом энергиясы, басқарылатын термоядролық синтез, радиоэкология және геофизика саласындағы дәрістік және практикалық сабақтардың үлкен блогы қамтылған.

      Сонымен қатар Семей сынақ полигоны музейіне, қазақстандық Токамак КТМ материалтану кешеніне, «Меридиан-2» алаңына (Геофизикалық зерттеулер институты) турлар ұйымдастырылды.

       Балалар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының зертханаларында болып, спектрометрия әдісімен радионуклидтік талдау жүргізу, адам ағзасындағы радионуклидтерді анықтау және т.б. бойынша практикалық сабақтарға қатысты.

Қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға «Жас физик – 2021» жазғы физика-математика мектебінде оқуды ойдағыдай аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.

 

Токамак экскурсия ИРБЭ ИАЭ РГП НЯЦ РК ИГИ лабораторный корпус АО «Парк ядерных технологий» Летняя школа юный физик 2021