Мемлекеттік наградасымен құттықтаймыз!


24 Желтоксан 2020

ҚР Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО РМК) алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге қосқан елеулі үлесі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жоғары кәсіби біліктілігі үшін ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының бас инженері Петр Николаевич Кирюшкин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Марапаттау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті.

ҚР ҰЯО РМК-да Петр Николаевич 1997 жылдан бері еңбек етеді. Оның тікелей басшылығымен кәсіпорынның инженерлік қамтамасыз ету жүйелері үнемі жетілдіріліп, жаңғыртылып отырды. Бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауытының аумақтарындағы радиациялық қауіпті жағдайды жою, БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын тасымалдау және сақтау жөніндегі бірегей жобаларды іске асыруға қатысты.

Петр Николаевичті шын жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, еңбегіне табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

 

награждение