28 қыркүйек 2020
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Биыл біз кәсіби мерекемізді үлкен жетістіктермен қарсы алып отырмыз және оны мақтан тұтамыз.
Біз атом энергетикасының қауіпсіздігі бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда маңызды нәтижелерге қол жеткіздік: Францияның Атом энергиясы жөніндегі комиссариатымен SAIGA жобасын іске асыру бойынша баламалы энергия көздері жөніндегі 7 жылдық келісімшартты іс жүзінде жүзеге асыруға кірісіп, Доллежаль атындағы ҒЗКЭТИ-дегі ресейлік әріптестерімізбен БРЕСТ-ОД-300 жобасы бойынша зерттеулер жүргіздік.
Біздегі ИВГ1.М және ИГР зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға конверсиялау бойынша ауқымды жобаны ойдағыдай іске асырып келеміз.
Басқарылатын термоядролық синтез технологияларына қолдау көрсету мақсатында КТМ токамагында жұмыстар кешенін жүргіздік.
Биылғы жылы біз Семей сынақ полигонын кешенді экологиялық тексеруді аяқтауға жақын қалдық, сондай-ақ «Тәжірибе алаңы» объектісінде ядролық қаруды таратпауға байланысты ауқымды жұмыстар мәресіне жетті.
Барлық жоспарланған құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындап шықтық, соның ішінде өз күшімізбен жанармай құю пункті мен отын сақтау қоймасын салдық.
Құрметті әріптестер!
Сіздерге ерен еңбектеріңіз үшін, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс айтамын!
Сіздерге алдағы уақытта толағай табыс, зор денсаулық, отбасылық амандық тілеймін!
Эрлан Батырбеков, бас директоры
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024