ҚР Ұлттық ядролық орталығының құрылғанына 28 жыл!


15 Мамыр 2020

Құрметті әріптестер!

ҚР Ұлттық ядролық орталығының құрылған күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Біз кезекті 28-ші туған күнімізді жоғары ғылыми нәтижелермен қарсы алып отырмыз. Атом энергетикасы, басқарылатын термоядролық синтез, Қазақстанның және бұрынғы Семей сынақ полигонының радиациялық экологиясы, таратпау режимін қолдау саласындағы жетістіктеріміз тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, оларды жетекші халықаралық ғылыми ұйымдар мойындады.

Сондықтан да бүгін біздің кез келген сынақты абыроймен еңсеруімізге, сондай-ақ болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік беретін жеткілікті берік ғылыми және қаржылық резервіміз бар. Бұл ҚР ҰЯО мамандарының мықты командасы жұмысының нәтижесі деп есептеймін.

         Кәсіпорын ұжымына табысты және тұрақты жұмыс, денсаулық пен бақыт тілеймін!

        ҚР Ұлттық ядролық орталығы өркендей берсін!

                                                                                     Эрлан Батырбеков,

                                                                                     Бас директор

поздравление