2020 жылғы 7 наурызда ИВГ.1 реакторының ойдағыдай энергетикалық іске қосылғанына 45 жыл толды


12 Наурыз 2020

2020 жылғы 7 наурызда ИВГ.1 реакторының ойдағыдай энергетикалық іске қосылғанына 45 жыл толды

 

70-ші жылдардың ортасында Семей ядролық сынақ полигоны аумағында ядролық зымыран қозғалтқыштары мен оның жекелеген тораптарын эксперименттік пысықтау үшін «Байкал-1» стендтік кешені құрылды. ИВГ.1 зерттеу реакторы стендтік кешен құрамына кіретін негізгі эксперименттік қондырғылардың бірі болды.

 

ИВГ.1 реакторының жобасы 1966-1969 жылдары Н.А. Доллежаль атындағы ғылыми-зерттеу және конструкторлық энерготехника институтында әзірленді. ИВГ.1 реакторы – жеңіл сулы баяулатқышы және нейтрондардың бериллий шағылыстырғышы бар жылу нейтрондарындағы арна типті жоғары температуралы газбен салқындатылатын гетероген корпустық ядролық зерттеу реакторы.

 

ИВГ.1 реакторын физикалық іске қосу 1972 жылдың қыркүйек – қараша айларында жүргізілді, ал 1975 жылдың 7 наурызында реакторды энергетикалық іске қосу жүзеге асырылып, пайдалануға берілді.

 

1975-1988 жылдары ИВГ.1 реакторында ядролық зымыран қозғалтқыштарының және ядролық энергетикалық қозғалтқыштардың жылу бөлгіш жинақтарына көптеген сынақтар жүргізіліп, олардың жұмысқа қабілеттілігі расталды. Осы уақыт аралығында ИВГ.1 реакторында азот жылу тасымалдағышы бар жоғары температуралы газбен салқындатылатын реактордың твэлдері мен жылу бөлгіш жинақтарының жұмысқа қабілеттілігі эксперимент жүзінде расталып, осындай реактор жасау мүмкіндігі көрсетілді.

 

Жаңғыртудан кейін, 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ИВГ.1М реакторы негізінен әртүрлі ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындау кезінде пайдаланылады, солардың ішіндегі ең ірісі реакторлық техника материалдарын нейтрондық-активациялық талдау, ИТЭР реакторы прототипінің литий диверторының жұмысын зерттеу, ядролық толтырылған газ лазерлерін зерттеу және т.б. болып табылады.

Қазіргі уақытта ИВГ.1М реакторының отынын төмен байытылған уран отынына ауыстыру бағдарламасы қарқынды орындалуда, сондай-ақ реактор жүйелерін жаңғырту жобасы әзірленуде, бұл ИВГ.1М реакторының пайдалану сипаттамалары мен эксперименттік мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік береді.

радионуклиды облучение излучение модель расчет