Жаңа «Pyrolyser-6 Trio» талдау құралы


19 Қараша 2019

МАГАТЭ-мен техникалық ынтымақтастық жөніндегі жоба шеңберінде ҚР ҰЯО «Pyrolyser-6 Trio» жаңа талдамалық құралын жасады.

Аспап тритий және 14C радионуклидтерін, сондай-ақ ядролық қару сынақтарын жүргізу кезінде қоршаған ортада өзгелердің қатарында пайда болатын басқа да ұшпа радионуклидтерді тиімді және жылдам алып шығу үшін арнайы әзірленіп сыналды. «Pyrolyser-6 Trio»-ны пайдалана отырып тритий және 14C радионуклидтерін топырақ, түптік шөгінділер, тамақ өнімдері, биота, құрылыс материалдары, металдар мен биосынамалар сияқты кез келген материалдар мен объектілерден алынған үлгілерді одан әрі талдау мақсатында бета-спектрометриялық әдіспен алуға болады.

Бұл жабдық радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтардағы радиациялық жағдайды зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ қоршаған орта объектілерін радиациялық мониторингілеу мен бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

радионуклиды активность модель Медицина