АҚШ Ұлттық зертханалары мамандарының сапары


28 Қазан 2019

2019 жылғы 23-26 қазан аралығында АҚШ-тың Айдахо (INL) және Ок-Ридж (ORNL) Ұлттық зертханалары мамандарының қатысуымен кезекті техникалық кездесу болып өтті.

Техникалық кеңесте «Байкал-1» ЗРК инфрақұрылымын ИВГ.1М реакторының сәулеленген жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын Ресей Федерациясына қайтаруға дайындау және ҚР Ұлттық ядролық орталығында әзірленіп жатқан ИГР реакторының сәулеленген ЖБУ отынын сұйылту технологиясы мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ АҚШ Ұлттық зертханаларының мамандары ИГР ЗРК-ға барды. Аталған кешенде ИГР реакторының жоғары байытылған жаңа уран-графитті отынын кейіннен «ҮМЗ» АҚ-да оны байытуды төмендету үшін қаптау және тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

международное сотрудничество ИВГ 1.M ИГР США ИАЭ РГП НЯЦ РК