Семей сынақ полигонына техникалық сапар


15 қазан 2019

 

    2019 жылы 14 қазанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің операция кепілдіктері жөніндегі бөлім директоры Гарольд Барросо бастаған мамандар тобы ҚР Ұлттық ядролық орталығына келіп қайтты.

МАГАТЭ делегациясы биылғы жылдың қыркүйек айында МАГАТЭ Бас конференциясының 63-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан мен МАГАТЭ-нің Кепілдіктер жөніндегі бөлімі арасында екіжақты кеңес өткізу кезінде шақырылған болатын. 

          Сапар барысында техникалық кеңес өткізіліп, онда Қазақстан, АҚШ және Ресейдің үшжақты ынтымақтастығы шеңберінде Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын және инфрақұрылымын жою бойынша кең ауқымды қызметтің нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ ССП-дағы ЖҚҚ сынақтарының салдарын жою жобасын іске асыру қаралды.

Техникалық кеңес өткізілгеннен кейін МАГАТЭ мамандары бұрынғы ССП алаңдарына барып қайтты.

 

 

 

 

 

 

Ядерные испытания СИП международное сотрудничество совещание Ядерная безопасность МАГАТЭ РГП НЯЦ РК