Құрметті әріптестер!


05 шілде 2019

 

6 шілде күні Қазақстанда жаздың шуақты мерекелерінің бірі – Астана күні атап өтіледі!

Бүгінде Нұр-Сұлтан әлемнің ең әдемі әрі жас қалаларының бірі, нағыз батыл сәулеттік шешімдер іске асқан экономикалық және саяси өмірдің орталығы.

Өзінің 21-ші туған күнін тамаша жетістіктермен және әлемдік танымалдықпен қарсы алған еліміздің басты қаласы жыл сайын алға қарай қарыштап қадам басуда.

Осы жарқын мереке күні ең жылы және шынайы тілектерді қабыл алыңыздар! Астанамыз күннен күнге гүлдене берсін! Әрбір отбасының өмірі бақытқа, қуаныш пен ертеңге деген сенімділікке толы болсын!

Бас директор                            Эрлан Батырбеков

 

поздравление РГП НЯЦ РК С Днем Столицы!