Бас хатшы кеңесшілерінің үшінші сессиясы


10 Сәуір 2019

8 сәуірде Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесінде ядролық қарусыздандыруды ілгерілетудегі верификациялау рөлін қарастыру жөніндегі үкіметтік сарапшылар тобының – Бас хатшы кеңесшілерінің үшінші сессиясы басталды. Сессияға Қазақстан Республикасы атынан ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбеков қатысады. БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен айқындалған мандатқа сәйкес аталған сессия соңғы болып табылады және топ жұмысын қорытындылауға бағытталған. Алдыңғы сессиялар шеңберінде жүргізілген пікірталастар, бұрын әзірленіп, баяндамалар мен жұмыс құжаттары түрінде ұсынылған материалдар негізінде үшінші сессия қарсаңында сарапшылар қорытынды құжаттың жобасын дайындады. Ядролық қарусыздандыруды верификациялау бойынша негізгі қағидалар, верификациялау саласында жинақталған халықаралық тәжірибе, сондай-ақ осы саладағы тиісті әлеуетті ұлғайту мүмкіндігі мазмұндалған сипаттамалық бөлімнен басқа, сарапшылар жүргізілген жұмыс бойынша негізгі қорытындыны тұжырымдап, ядролық қарусыздандыруды верификациялау режимін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуі қажет.

няц рк ООН ядерное разоружение Верификация Женева правительственные эксперты