22 ақпан 2019
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық бастамалар шеңберінде Қазақстан Республикасында зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға конверсиялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. ИВГ.1М реакторын конверсиялауды жүзеге асыру үшін «Луч» ҒӨБ ҒЗИ ФМУК (Ресей) төмен байытылған отындағы сумен салқындатылатын эксперименттік технологиялық арналарды (ССЭТА-ТБУ) әзірледі.
Қазіргі уақытта ИВГ.1М реакторында екі ССЭТА-ТБУ-ды тәжірибелік пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы және басқа да мәселелер ҚР ҰЯО-ның «Луч» ҒӨБ ҒЗИ ФМУК (Ресей) өкілдерімен кездесуі кезінде талқыланды.
Кездесу шеңберінде ИВГ.1М зерттеу реакторының актив аймағының құрамында 2 эксперименттік ССТА-ТБУ-ды тәжірибелік пайдалану жөніндегі жұмыстар деңгейі таныстырылып, 4 ССТА-ТБУ-ды кіріс бақылау жұмыстарының нәтижелері ұсынылды.
13 мамыр 2026
08 мамыр 2026
06 мамыр 2026
30 сәуір 2026