12 қазан 2018
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында қол қойылған меморандум шеңберінде биылғы жылғы 8 – 11 қазан аралығында Канаданың Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Mr. Marc-Andre Bean және Mr. Reid Alexander Van Brabant Ұлттық ядролық орталықта болып қайтты. Сапардың негізгі мақсаты – Курчатов қаласы аумағында асыл газдарды радионуклидтік мониторигілеу станциясының қондырғысын орналастыру үшін алаң таңдау. Аталған станция Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) орындалуын бақылауды күшейтуге арналған.
Сапар барысында ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э. Батырбековпен, сондай-ақ Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, ЯСЖТШ шеңберінде халықаралық мониторинг жүйесінің жанындағы бірлескен ұлттық қондырғы ретінде пайдалану үшін асыл газдарды радионуклидтік мониторигілеу станциясын орнату, пайдалану және оған қызмет көрсетуге қатысты техникалық консультациялар өткізілді.
Сонымен қатар канадалық мамандар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының зертханаларымен, «Тәжірибе алаңы» объектісімен, «Атом көлі», ССП тарихы мұражайы және ҚР ҰЯО-ның қазіргі заманғы мұражайымен танысып қайтты.
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024