ҚР ҰЯО эксперименттік зерттеулерінің жаңа бағыты


20 сәуір 2026

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында ИГР реакторы «ИМПУЛЬС» эксперименттік құрылғысымен сәтті іске қосылды.

Жұмыстар ИГР реакторының энергетикалық реакторлар отынын сәулелендіру эксперименттерін шекті жағдайларға жақын режимде жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ғылыми-зерттеу жобасы аясында орындалды.

Іске қосу реактордың төмен қуат деңгейінде ұзақ уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы «Импульс» режимінде жүзеге асырылды. Алынған нәтижелер ИГР реакторының осы жағдайда орнықты жұмыс істей алатынын, реактордың актив аймағындағы энергия бөліну мәні оның жылу шығындарымен шамалас болатынын растады.

Жүргізілген зерттеулер ИГР реакторының эксперименттік мүмкіндіктерін едәуір арттырып, энергетикалық реакторлардың авариялық және ауыспалы жұмыс режимдерін модельдеудің жаңа перспективасын ашады.

Жобаны іске асыру ҚР ҰЯО РМК-нің реакторлық зерттеулер саласындағы жетекші ғылыми орталықтардың бірі ретіндегі орнын нығайтып, мамандардың жоғары біліктілік деңгейін көрсетеді.
 

КИР ИГР