14 сәуір 2026

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына АҚШ-тың Лос-Аламос (LANL) және Айдахо (INL) ұлттық зертханаларының мамандары техникалық сапармен келді.
Сапар аясында жұмыс консультациялары өткізіліп, «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінің объектілеріне бару ұйымдастырылды. Шетелдік сарапшылар IPOD жүйесі модульдерін қазіргі уақытта қалай қолданып жатқанымен танысып, жинақталған деректерді талдап, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін талқылады.
Мамандар демонстрациялық модульдің жұмысын бағалап, техникалық қызмет көрсету және параметрлерді оңтайландыру мүмкіндігін қарастырды.
Кездесу соңында тараптар IPOD жабдықтарын жаңғыртудың 2026 жылғы кестесін келісіп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту іс-қимылын айқындады. ҚР Ұлттық ядролық орталығының ғылыми-техникалық инфрақұрылымын пайдалана отырып, бірлескен жұмыстарды жалғастыру жоспарланды.
Анықтама. IPOD (Instrumentation POD) жүйесі ядролық материалдарды құрғақ сақтау контейнерлерінің жай-күйін мониторингілеуге арналған. Ол параметрлерді автоматты түрде жинау мен талдауды жүзеге асырып, физикалық ядролық қауіпсіздік пен таратпау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында сақталуын, орналасуын және сақтау жағдайының тұрақтылығын бақылауға мүмкіндік береді.
13 сәуір 2026
10 сәуір 2026
10 сәуір 2026
09 сәуір 2026