01 желтоксан 2025

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Швейцарияның NAGRA (National Cooperative for the Disposal of Radioactive Waste) компаниясы Радиоактивті қалдықтармен және пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум РАҚ объектілеріне арналған алаңдарды таңдау және негіздеу, жобалау және пайдалану, сондай-ақ мамандар даярлау бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуді көздейді.
Тараптар Қазақстан Республикасында халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін радиоактивті қалдықтарды басқарудың заманауи және қауіпсіз жүйесін қалыптастыру мақсатында технологиялар мен тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.
Құжатқа қол қою ҚР ҰЯО-ның халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастығын нығайту мен экологиялық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болды.
28 сәуір 2026
28 сәуір 2026
22 сәуір 2026
20 сәуір 2026