28 қараша 2025


Азиядағы ядролық кооперация форумының (FNCA) министрлік деңгейіндегі 26-кеңесінің аясында жыл сайынғы «Жылдың үздік зерттеу тобы» сыйлығын табыстау рәсімі өткізілді. Қатысушы елдердің дауыс беру қорытындысы бойынша бұл марапат FNCA ғылыми-зерттеу бастамаларын іске асыруға қосқан елеулі үлесі және таратпау режимін нығайту саласындағы маңызды жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының мамандарына берілді.
Ұлттық ядролық орталық ядролық қауіпсіздік саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.Қазақстандық мамандардың ЯСЖТШ (CTBTO) Дайындық комиссиясының Б жұмыс тобының техникалық кездесулеріне қатысуы – ядролық сынақтарды мониторингілеу және верификациялау мәселелері талқыланатын маңызды қызмет бағыты болып саналады.
Сондай-ақ Ұлттық ядролық орталық ядролық криминалистика саласында да табысты жобаларды жүзеге асырып келеді, оның ішінде Ядролық криминалистика жөніндегі ұлттық кітапхананың прототипі мен тұжырымдамасын әзірлеу де бар. Жұмыс нәтижесі МАГАТЭ, FNCA, ITWG және басқа да мамандандырылған халықаралық алаңдарда ұсынылып, сарапшылар оған жоғары баға берді.
FNCA марапатын алу – халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның ядролық технологияларды дамытуға, жаһандық қауіпсіздікті арттыруға және таратпау режимін нығайтуға қосқан маңызды үлесін мойындағанын білдіреді.
28 қараша 2025
26 қараша 2025
24 қараша 2025
20 қараша 2025