ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен жапондық Toshiba компаниясы бірлескен жобаларды талқылады


01 маусым 2022

ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен жапондық Toshiba компаниясы бірлескен жобаларды талқылады

Биылғы жылдың мамыр айында «онлайн» режимде ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Toshiba компаниясы (Жапония) мамандарының бірлескен жұмыстарды, дәлірек айтқанда «Fukushima Debris» және «CORMIT-2» жобаларын талқылау бойынша кездесуі өтті. Кездесуді Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков пен Тошиба компанияның директоры Хидеказу Усуи ашты.

Кездесу барысында бірқатар баяндамалар ұсынылды. Атап айтқанда, Ұлттық ядролық орталық мамандары «Fukushima Debris» және «CORMIT-2» жобаларының негізгі нәтижелері туралы баяндап, «Fukushima-1» авариялық реакторынан актив аймақтың қатып қалған балқымасын алу кезінде ескерілуі тиіс кориумның табиғи тозу процестерін, оның құрылымдық және физика-механикалық сипаттамаларының өзгеруін зерттеу бөлігіндегі, сондай-ақ кориумның конструкциялық, ыстыққа төзімді және жұмсалатын материалдарымен өзара әрекеттесуінің әртүрлі сценарийлерін эксперименттік модельдеу бөлігіндегі кәсіпорынның мүмкіндіктерін атап көрсетті.

Жапондық әріптестер өз баяндамаларында «Fukushima-1» актив аймағы балқымасының қатып қалған бөлшектерін алу жұмыстарындағы ілгерілеу туралы сөз етті. CORMIT және CORMIT-PhII жобалары шеңберіндегі ҚР ҰЯО РМК зерттеулерінде қол жеткізіліп, ABWR типті реактордағы қауіпсіздіктің пассив жүйесі жобасының негізіне қаланған нәтижелерді қолдану туралы баяндама ұсынылды.

Талқыға түскен тағы бір тақырып – Тошиба мамандарының ядролық материалды сәйкестендіруге арналған мюон томографиясын жасау саласындағы жетістіктері, аталған әдісті іске асыру, материалдың түрі мен массасын барынша жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін деректерді өңдеуге арналған тиімді трекерлер мен программалық жасақтама әзірлеу болды.

Кездесуді қорытындылай келе, барлық қатысушылар бірауыздан екі ұйым арасындағы «Face to Face» режиміндегі жемісті ынтымақтастықтың қайта жандануына үміт білдірді. Өзара іс-қимыл жүргізу үшін нақты бағыттарды талқылау жалғасатын болады.

международное сотрудничество Япония Фукусима CORMIT TOSHIBA РГП НЯЦ РК Республика Казахстан расплав кориум натурные и прототипные кориумы быстрого энергетического реактора «Fukushima Debris» мюонноя томография