Термографиялық камераны өлшеудің жаңа тәсілі ұсынылды


08 сәуір 2020

КТМ қазақстандық материалтану токамагында болашақ термоядролық реакторлардың бірінші қабырғасының кандидат материалдарына жоғары температуралы плазманың әсер етуіне халықаралық эксперименттік зерттеулер жүргізу жоспарланған.

 Эксперименттерді жүргізу барысында өлшенетін және бақыланатын маңызды параметрлердің бірі қыздыру температурасы және оның сәулеленетін үлгілердің бетінде таралуы болып табылады. Дәлдік шегі жоғары кеңістіктік және уақытша дене бетіндегі температураны өлшеуге арналған оңтайлы құрал термографиялық камера болып табылады.

КТМ токамагындағы термографиялық камераны өлшеу дәлдігін арттыру үшін ҚР ҰЯО мамандары жоғары температуралы плазманың әсер ету процесінде зерттелетін материалдар бетінің қараю деңгейінің өзгеруін қадағалауға және температуралық өлшеулердің нәтижелеріне тиісті түзету жасауға мүмкіндік беретін ерекше әдіс ұсынды.

Бұл әдісті пайдалану зерттелетін материалдардың, ең алдымен металдардың термографиялық өлшеулерінің дәлдігін температуралардың кең ауқымында айтарлықтай арттыруға арналған.

Бұл тәсіл қазір апробация сатысында. Жүргізілген стендтік сынақтар ұсынылған өлшеу тәсілінің жұмысқа қабілеттілігін көрсетті. Бұл әдіс алдағы уақытта өзге де басқарылатын термоядролық синтез қондырғыларында, оның ішінде қазіргі уақытта Францияда халықаралық қоғамдастық жасап жатқан ИТЭР токамагында да пайдаланылуы мүмкін.

термоядерный синтез