Жобаны ойдағыдай іске асыру


20 наурыз 2019

12 наурыз күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасындағы зерттеу реакторларын конверсиялау және жоғары байытылған уранды (ЖБУ) кәдеге жарату жөніндегі үйлестіру кездесуі болып өтті.

ТБУ отынын реакторлық сынаулар мәртебесін және ИВГ.1М мен ИГР реакторларының ЖБУ отынын кәдеге жарату мәселелерін қоса, ҚР ҰЯО зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға (ТБУ отыны) конверсиялау мәселелерін талқылауға АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің ядролық материалдарды жою бөлімінің директоры Скотт Роккер, конверсиялау кеңсесінің директоры Кристофер Ландерс және ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков қатысты.

Тараптар сәулелену бойынша жүргізілген жұмыстардың сәттілігін атап өтті. ИВГ.1М реакторының ТБУ отынын сынау басталғаннан бері (2017 жылғы қазанда) интегралды энергия бөліну қажеттілігі 1080 МВт·сағаттың 577 МВт·сағатын құрады.

Сондай-ақ іске қосу аралығындағы кезеңдерді айтарлықтай қысқарту мақсатында ИВГ.1М реакторындағы жылу тасығышты салқындату жүйесін құру жөніндегі жұмыстардың мәртебесі туралы ақпарат қарастырылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша сұйылтудың инновациялық технологиясын және ИГР реакторының сәулеленген ЖБУ отынын түпкілікті кәдеге жарату әзірлемесі бойынша зерттеу жұмысын жүргізу туралы шешім қабылданды. Америкалық тарап осы күрделі міндетті орындау үшін ҚР ҰЯО-ның ғылыми-техникалық әлеуеті мен құзыретінің жоғары деңгейіне ие екендігін атап өтті.

ИВГ 1.M исследовательские реакторы ИГР няц рк ВОУ США Конверсия научно-исследовательское оборудование инновационные технологии