Болашақ физик-ядрошылар


13 наурыз 2019

ҚР Ұлттық ядролық орталығының ғылыми және эксперименттік базасында бейінді мамандықтардың студенттері мен магистранттары жыл сайын тәжірибеден өтеді. Олардың көбі жұмыстарын танысу тәжірибесінен бастап, жоғары оқу орнында оқу барысында дипломдық жоба жазумен аяқтайды.

ҚР ҰЯО-ның ауқымды базасы практиканттарға әртүрлі бейінді бағыттардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, лайықты мамандық таңдауға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта жыл басынан бері ҚР ҰЯО РМК Жас ғалымдары мен мамандарының кеңесі «Атом энергиясы институты» филиалында дипломалды практикадан өтіп жатқан студенттерге арнап үш танысу экскурсиясын ұйымдастырды. Қатысушылар арасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті сияқты өңірлік жоғары оқу орындарының, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері болды.

Экскурсия кезінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қазақстандық КТМ материалтану токамагы, «Байкал-1» зерттеу реакторлар кешені, Семей сынақ полигонының мұражайы, сондай-ақ «Ядролық технологиялар паркі» АҚ сияқты объектілерге барып қайтты.

СИП Токамак няц рк Стажировка студенты экскурсия