INESS-2026 халықаралық конференциясына қатысу


07 тамыз 2026

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы International Conference on Nanomaterials and Advanced Energy Storage Systems (INESS-2026) халықаралық конференциясында атом энергетикасын дамытудың басым бағыттары бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Ғылыми бағдарлама аясында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, ядролық және термоядролық энергетикаға арналған материалдарды зерттеу, сутегі технологиялары, плазмалық-каталитикалық процестер, сондай-ақ перспективалық конструкциялық материалдарды әзірлеу мәселесіне арналған баяндамалар жасалды.

Зерттеулер бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламалары шеңберінде орындалды және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының атом энергетикасының қауіпсіз технологияларын дамытуға, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ заманауи материалтануды дамытуға бағытталған ғылыми қызметінің нәтижелерін көрсетеді.

INESS-2026 конференциясы ғылыми тәжірибе алмасу, өзекті зерттеулерді шетелдік әріптестермен талқылау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң болды. ҚР ҰЯО мамандары ұсынған зерттеу нәтижелері конференция қатысушылары тарапынан жоғары бағаланды, ал іс-шараның тиісті деңгейде ұйымдастырылуы мен мазмұнды ғылыми бағдарламасы кәсіби өзара іс-қимыл жүргізуге ықпал етті.

Анықтама үшін: INESS-2026 – материалтану, нанотехнология, экология, жаңартылатын энергетика және энергияны жинақтау жүйелері салаларындағы заманауи жетістіктерге арналған ең ірі халықаралық ғылыми конференциялардың бірі.
 

международная конференция