11 наурыз 2026

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Майра Қизатқызы Мұқышева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Майра Қизатқызы Ұлттық ядролық орталықта 25 жылдан астам еңбек етіп келеді және кәсіпорынның ғылыми-техникалық әлеуетін, сондай-ақ Қазақстанның атом саласын дамытуға елеулі үлес қосып жүр.
Оның қызметінің маңызды бағыттарының бірі – еліміздің атом саласы үшін кадр даярлау. М. Қ. Мұқышеваның тікелей қатысуымен Қазақстан университеттерінде «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары ашылып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді.
Майра Қизатқызын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жаңа кәсіби жетістік, толағай табыс және ғылыми жобаларына сәттілік тілейміз!
10 шілде 2026
09 шілде 2026
08 шілде 2026
03 шілде 2026