Философия докторы (PhD) дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз!


13 ақпан 2018

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2018 жылғы 8 ақпандағы № 218 бұйрығымен Атом энергиясы институтының келесі қызметкерлеріне 6D072300 – Техникалық физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді:

Мұхамедов Нұржан Еролұлына (ғылыми консультанттар: Сқақов М.Қ. – ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының басшысы; Виелеба В. – инженерия докторы, Вроцлав ғылым және технология университетінің профессоры, Вроцлав қаласы, Польша);

Сапатаев Ержан Ернатұлына (ғылыми консультанттар:
Батырбеков Э.Ғ., – ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰЯО РМК бас директоры,
Сқақов М.Қ. – ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының басшысы,
Шеффлер М. – инженерия докторы, Отто-фон-Герике атындағы университеттің профессоры, Магдебург қаласы, Германия);

Сағдолина Жұлдыз Болатқызына (ғылыми консультанттар:
Сқақов М.Қ. – ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының басшысы;
Виелеба В. – инженерия докторы, Вроцлав ғылым және технология университетінің профессоры, Вроцлав қаласы, Польша).

Әріптестерімізді құттықтаймыз! Зор денсаулық, ғылыми еңбектеріне табыс тілейміз!

радионуклиды Токамак Скаков Обучение стипендиаты