29 қыркүйек 2025


2025 жылғы 25-28 қыркүйекте Мәскеуде 100-ден астам елдің өкілдерін біріктіретін «Дүниежүзілік атом апталығы» (World Atomic Week) халықаралық форумы өтті. ҚР Ұлттық ядролық орталығының делегациясы тәжірибе алмасуға және жаңа әзірлемелермен танысуға бағытталған іскерлік бағдарламаға қатысты.
Форум шеңберінде «ТВЭЛ» АҚ-мен кездесу өткізіліп, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде оларды қайта өңдеу бойынша бірлескен жұмыс перспективалары талқыланды.
Форум қатысушыларға әлем үрдісімен танысуға, білім алмасуға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды халықаралық алаңға айналды.
09 қазан 2026
07 қазан 2026
05 қазан 2026
02 қазан 2026