Атом саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс


29 қыркүйек 2025

Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлерінің күніне орай Курчатов қаласының Мәдениет үйінде салтанатты жиналыс өтті, оның аясында ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Көп жылдық еңбегі және еліміздің атом энергетикасын дамытуға, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін кәсіпорын қызметкерлері мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды.

Олардың ішінде - ҚР Атом энергиясы агенттігінің «Атом саласының үздігі» төсбелгісі, Қазақстанның Ядролық қоғамының «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті төсбелгісі, ҚР Атом энергиясы агенттігінің, Абай облысының әкімі, ҚР ҰЯО бас директоры және Курчатов қаласының әкімінің грамоталары мен алғыс хаттары.

Бұл наградалар ҚР ҰЯО қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен іске адалдығын, елдің ғылыми және өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Соңында мерекелік концерт өтті.

Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз және ортақ іске қосқан баға жетпес үлесі үшін оларға шын жүректен алғыс айтамыз!

Атом саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, жаңа жетістіктер және еліміздің игілігі жолында табысты жұмыс тілейміз!
 

торжественное собрание День работников атомной отрасли