Үш томдық монография қазақ тілінде жарыққа шықты


13 Ақпан 2018

    Авторлары Н.Ә. Назарбаев, В.С. Школьник, Э.Ғ.Батырбеков, С.А. Березин, С.Н. Лукашенко, М.Қ.Сқақов болып табылатын «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіру жөніндегі ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу» атты үш томдық монографияның енді қазақ тіліндегі нұсқасына да қол жеткізуге болады.

    Ағылшын тіліндегі үш томдық басылымның тұсаукесері 2017 жылғы қарашаның соңында Республикамыздың астанасындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында өткенін, ал орыс тіліндегі жинақ алғаш рет 2016 жылғы 29 тамызда Астана қаласында өткен халықаралық конференцияда таныстырылғанын естеріңізге сала кетейік.

    Монография ҚР Ұлттық ядролық орталығының шетелдік серіктестермен бұрынғы ССП әскери-өнеркәсіптік кешенін конверсиялау бойынша бірлесіп жүргізген жұмыстарының, атом энергетикасы мен радиоэкология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастығының практикалық тәжірибесін жинақтайтындықтан, Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің ғылыми қоғамдастығының үлкен қызығушылығын туғызды.

    Қазақстанның ғылыми қауымдастығы қазақ тіліндегі монографияны зерделеу және қолдану мүмкіндігін толық көлемде пайдалана алады.

    Жуық арада үш томдық монография еліміздің ұйымдары мен кәсіпорындарының, университеттері мен кітапханаларының кітап сөрелері мен ғылыми қорларын толықтыратын болады.

СИП публикации