25 маусым 2025
Реактор отынының сынақтары зертханасының бастығы – Витюк Галина Анатольевнаны Физика ғылымдары-10200 ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілуімен құттықтаймыз. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 23.06.2025 жылғы № 964 бұйрығы шықты.
Галина Анатольевна ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Ғылыми ізденісінің негізгі саласы – ҚР ҰЯО РМК зерттеу реакторларында жүргізілетін перспективалық энергетикалық реакторлардың ядролық отынының реакторлық сынақтарын есептік сүйемелдеу, сондай-ақ реакторлық сынақтарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті негіздеу үшін қолданылатын есептік әдістерді дамыту және жетілдіру. Галина Анатольевна 50-ден астам ғылыми еңбектердің бірлескен авторы.
Галина Анатольевнаны осы лайықты атағымен құттықтаймыз! Кәсіби қызметінде алдағы уақытта мол табыс, жаңа идеялар мен жетістіктерге жетуін тілейміз!
24 маусым 2025
20 маусым 2025
19 маусым 2025
17 маусым 2025