19 маусым 2025
ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері Измир қаласында (Түркия) өткен сутегі технологиялары жөніндегі 9-шы халықаралық конгреске (IHTEC-2025) қатысты.
IHTEC-2025 конгресі әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарды, инженерлер мен сарапшыларды біріктірді. Сутегін өндіру мен сақтаудың қазіргі заманғы технологияларын, оның қауіпсіздігі мен тасымалдануын, сондай-ақ сутегі энергетикасын болашақтың энергия жүйелеріне кіріктіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мамандарымыз кәсіпорынның сутегі энергетикасын дамыту саласындағы ғылыми-техникалық жобалары шеңберіндегі зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесін ұсынды. IHTEC-2025-ке қатысу отандық әзірлемелердің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға, сондай-ақ ары қарайғы ынтымақтастықтың болашағын белгілеуге мүмкіндік берді.
17 маусым 2025
16 маусым 2025
16 маусым 2025
13 маусым 2025