16 маусым 2025

ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының каналішілік сынақтар зертханасының ғылыми қызметкері Самарханов Қуаныш Қанатұлы «8D05301 – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертация тақырыбы: «6Li(n,α)3H ядролық реакциясы өнімдерінің энергиясын оптикалық сәуле шығару энергиясына түрлендіру процестерін эксперименттік зерттеу».
Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің физика және технологиялар кафедрасымен бірлесе отырып жүргізілді.
Әріптесімізді мақтан тұтамыз және жаңа ғылыми жаңалықтар, шабыт пен кәсіби өсу тілейміз.
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026