05 маусым 2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының делегациясы Қазақстандық физика қоғамының IV конференциясына қатысып, кәсіпорында жүргізілетін зерттеулердің неғұрлым өзекті нәтижесі көрсетілген бірнеше ғылыми баяндамасын ұсынбақ.
Конференция еліміздің физика ғылымын дамытуда маңызды рөл атқарады және ғылыми пікірталас жүргізуге, физик-ғалымдардың жаңа ғылыми топтарын қалыптастыруға негіз болады.
Биыл конференция С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтіп жатыр. Конференцияны аша отырып, ректор Мұхтар Төлеген университеттің Ұлттық ядролық орталықпен ұзақ мерзімді және өнімді ғылыми байланысын ерекше атап көрсетті, мұндай байланыс сутегі энергетикасы саласындағы бірлескен жобалар түрінде, сондай-ақ ойдағыдай жұмыс істеп тұрған атом саласы үшін бірлесіп кадр даярлау жүйесі түрінде іске асырылады.
Екі күн ішінде физиканың әртүрлі бағыттары бойынша шетелдік және қазақстандық жетекші ғылыми ұйымдар мен университет өкілдерінің 70-ке жуық баяндамасы ұсынылып, талқыланбақ.
05 маусым 2025
05 маусым 2025
30 мамыр 2025
29 мамыр 2025