21 мамыр 2025
Ұлттық ядролық орталықта жас ғалымдар мен мамандардың жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурсы басталды.
Биыл 32 ғылыми-зерттеу жұмысы ұсынылды. Үш күн ішінде қатысушылар өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижесін көрсетіп, атом саласының өзекті міндеттері мен ғылыми жобаларды дамыту перспективасын талқылайды. Мемлекет басшысының тапсырмаларында белгіленген негізгі бағытқа – Қазақстанда атом энергетикасын дамыту тақырыбына ерекше назар аударылды. Конференция тәжірибе алмасу, идеялар және жаңа ғылыми жобалар жасау алаңына айналды.
Іс-шараға Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының, Шәкәрім университеті мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жас мамандары қатысып жатыр.
Үздік жұмыс авторларына дипломдар мен ақшалай сыйлық табыс етіледі. Конференция қорытындысы туралы келесі материалдарымызда толығырақ баяндаймыз.
22 мамыр 2025
16 мамыр 2025
13 мамыр 2025
08 мамыр 2025