05 тамыз 2024
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ұжымы техника ғылымдарының докторы, профессор Юрий Семенович Черепниннің кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарды үлкен өкінішпен қабылдады. Бұл туыстарымыз, жақындарымыз, барлығымыз үшін үлкен шығын.
Дарынды ғалым, дана басшы Юрий Семенович әрқашан терең білімімен және ерекше жұмыс қабілеттілігімен ерекшеленді. Мұндай адамдар ұрпақтарының есінде мәңгі қалады.
Юрий Семенович инженерден бастап кәсіпорынның бас директорына дейінгі еңбек жолынан өткен, оның Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қалыптасуы мен табысты дамуына қосқан үлесі ерекше.
Оның жетекшілігімен атом энергетикасын дамыту және жаппай қырып - жою қаруын таратпау режимін қамтамасыз ету сияқты басты міндеттерді шешуге бағытталған бірегей жобалар іске асырылды.
Юрий Семеновичтің әріптестеріне, отбасына, туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, қайғыларына ортақпыз.
Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024