БҰҰ стипендиаттарының сапары


25 қыркүйек 2023

23 қыркүйекте БҰҰ қарусыздану саласындағы стипендиаттарының ҚР Ұлттық ядролық орталығына (ҚР ҰЯО) сапары аяқталды.  

БҰҰ қарусыздану саласындағы стипендиаттарының бағдарламасы 1978 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің жас дипломаттарын даярлау және олардың әлеуетін арттыру мақсатында құрылды. Содан бері БҰҰ қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының Женевадағы бөлімінде 170 мемлекеттен келген мыңнан астам дипломат даярланды. Қазақстандық дипломаттар бағдарламаға 2015, 2017 және 2021 жылдары қатысты.

Назарларыңызға БҰҰ стипендиаттарының 2023 жылы ҚР ҰЯО-ға келген сапарынан фотосуреттерді ұсынамыз.

международное сотрудничество Курчатов стипендиаты ООН ядерное разоружение визит ИРБЭ ИАЭ РГП НЯЦ РК ИГИ Республика Казахстан МИД РК