12 сәуір 2023

Қымбатты достар!
Қазақстанның барлық ғылыми қауымдастығын Ғылым қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
Ғылыми жетістіктер әрқашан еліміздің мақтанышы болған және бола бермек, ал ғылыми әлеуетті дамыту – оны ойдағыдай ілгерілетудің қозғаушы күші және бәсекеге қабілеттілігінің маңызды шарты болып саналады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлерін айрықша құттықтаймын! Өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз, батыл идеяларыңыз бен оларды сәтті жүзеге асырып жүргендеріңіз үшін алғыс айтамын!
Баршаңызға жарқын ғылыми жаңалықтар, жаңа жетістіктер, жаңашыл идеялар, сарқылмас шығармашылық шабыт тілеймін, ең батыл деген жобаларыңыз ойдағыдай жүзеге аса берсін! Мықты денсаулық, бақыт және шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
Бас директор Эрлан Батырбеков
11 ақпан 2026
10 ақпан 2026
03 ақпан 2026
30 қаңтар 2026