24 қаңтар 2023

ҚР Ұлттық ядролық орталығының токамактардың эксперименттік физикасы зертханасының термоядролық зерттеулер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Жүнісбек Сағынғали Андасбекұлы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша «500 ғалым» жобасы аясында «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Қазіргі уақытта Сағынғали Лиссабон қаласындағы (Португалия) Плазма және термоядролық синтез институтында (IPFN) ISTTOK токамагында тағылымдамадан өтуде.
Плазма физикасы және диагностикасы саласында алынған жаңа білім Қазақстандық КТМ материалтану токамагының стендтік кешенінде зерттеулер жүргізу кезінде қолданылады.
08 мамыр 2026
06 мамыр 2026
30 сәуір 2026
28 сәуір 2026