17 қазан 2022
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XXI ҒЗТКЖ конференция-конкурсы
2022 жылғы 12-14 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының негізінде Курчатов қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XXI ҒЗТКЖ конференция-конкурсы болып өтті.
2022 жылы конференция екі жыл онлайн режимнен кейін дәстүрлі бетпе-бет форматта өткізуді қайта бастады.
Конференция-конкурсқа Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық физика институтының (Алматы) отыздан астам жас мамандары қатысты. Биыл алғаш рет «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ ұлттық компаниясының өкілдері, конкурстан тыс Томск политехникалық институтының (Ресей Федерациясы) студенттері мен Қазақстанның өңірлік жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары ғылыми мәселелер мен бағыттардың кең ауқымын қамтыды. Осылайша атом энергетикасы объектілерінің қауіпсіздігі, радиациялық материалтану, атомдық және термоядролық энергетиканың жаңа материалдарын жасау, радиациялық мониторингтің жаңа әдістемелерін әзірлеу, геофизикалық мониторинг, пайдалы қазбаларды іздеу және өндіру әдістерін жетілдіру және т.б. саласындағы жұмыстар ұсынылды.
Жеңімпаздарды анықтау бес балдық жүйе бойынша жүргізілді.
Жұмыстың өзектілігі, практикалық маңыздылығы, ғылыми, инженерлік деңгейі, нәтижелердің жаңалығы, жұмыстың аяқталу дәрежесі, байқауға қатысушының жеке үлесі, баяндау стилі және материалды меңгеру деңгейі бағаланды.
Ерекшелігін ескерер болсақ, бағалаудың қосымша критерийлері:
іргелі зерттеу – жарияланым деңгейі;
инженерлік-техникалық зерттеу – техникалық шешімдерді бағалау;
қолданбалы зерттеу – бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.
ИВГ.1М зерттеу реакторын ТБУ-отынға конверсиялауға, адам тістерінің эмалі үшін ЭПР-дозиметрияны қолдануға, сондай-ақ жұқа үлдірлердің қасиеттерін зерттеуге байланысты конкурстық жұмыстар ерекше қызығушылық тудырды.
Қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелері «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ өкілдері кәсібилігінің, әртүрлі зерттеу әдістерін меңгеруінің жоғары деңгейін атап өтті.
Ядролық физика институтының өкілдері радиациялық материалтану бағыты бойынша іргелі зерттеулер саласындағы дайындықтың және алынған нәтижелердің жоғары деңгейін көрсетті.
ҒЗТКЖ конференция-конкурсының қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024