12 сәуір 2022

Құрметті әріптестер!
Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Ғылым – жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашатын еліміздің маңызды тірегі болып саналады. Біз өз ісіне берілген ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы ғылымның дамуына лайықты үлес қосуда. Біз кең танылған әрі бірегей ондаған ғылыми жобаларды жүзеге асырдық. Бүгінгі таңда өзекті ғылыми міндеттерді шешу үшін белсенді түрде еңбек етіп, ең перспективалық бағыттарды дамытып, жаңа технологияларды әзірлеу үстіндеміз.
Барлық ғылыми қызметкерлерге еңбектеріңіз үшін, жетістіктеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер! Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар тілеймін, ең батыл жобаларыңыз жүзеге аса берсін!
Эрлан Батырбеков,
ҚР Ұлттық ядролық орталығының
бас директоры
03 ақпан 2026
30 қаңтар 2026
28 қаңтар 2026
31 желтоксан 2025