04 ақпан 2022

ҚР Ұлттық ядролық орталығында (ҚР ҰЯО) тұрақты негізде қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ішкі курстар өткізіледі, сондай-ақ оларды мамандандырылған семинарларға, тренингтерге жібере отырып та өткізіледі. Жапондық серіктестермен атом энергетикасы үшін кадрлар даярлауға қатысты көп жылғы ынтымақтастықты ерекше атап өту қажет. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО қызметкерлері Жапонияның атом энергетикалық компаниясы (JAPC) ұйымдастырған «Ядролық энергетика бойынша кіріспе курс» онлайн-тренингіне қатысуда.
Бір ай ішінде Қазақстандағы бастапқы және қайталама энергияның ағымдағы жай-күйі мәселелері, басқа елдердің үлгісінде атом энергиясын көп мақсатты пайдалануға қатысты тәсілдер мен проблемалар, ядролық энергетиканың көміртегі бейтараптылығына қосқан үлесі, ядролық энергетика қауіпсіздігі, ядролық реактордың типін негізгі қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескере отырып таңдау мәселелері қаралатын болады.
31 желтоксан 2025
31 желтоксан 2025
30 желтоксан 2025
26 желтоксан 2025